• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

Франциялық теңізші әлемді 49 күнде айналып шықты

238 рет
көрсетілді

Франциялық теңізші Томас Ковиль жер шарын тримаранмен бір өзі тоқтамай жүзіп өтуден дүниежүзілік рекорд орнатты, деп хабарлайды Хабар24. 48 жастағы саяхатшы әлемді 49 күн, үш сағатта айналып шыққан. Осылайша 2008 жылы жерлесі Франсуа Жойоном жасаған рекордты жаңартты. Оның көрсеткіші 57 күн болатын. Жаңа рекордшы бұл көрсеткішке бесінші мүмкіндігінде қол жеткізіп отыр. Айтуынша, барын салып, тоқтамай жүзу үшін тәулігіне 3 сағат қана ұйықтап, физикалық мүмкіндігін сарқа пайдаланған. "Қайықты басқару қиын болды. Бір ғана қателік жіберсең қаза табуың мүмкін. Бұл ешқандай қорғанышсыз тауға өрмелегенмен бірдей. Бірақ ең кереметі жүзіп келе жатқанда көк аспан мен теңіздің ортасында өзіңді ұшып келе жатқандай сезінесің," - дейді саяхатшы Томас Ковиль.