Бұрқасын салдарынан Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында автокөлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «Казахавтодор» РМК.
Мәліметтер бойынша, Шығыс Қазақстан облысында сағат 18:15-те ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) «Алматы-Өскемен» тас жолының Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейінгі бөлігі (778-863 шақырым аралығы) жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылды.
Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) сағат 18:30-да «Сарыөзек-Көктал» тас жолының Қоғалы ауылынан Басшы ауылына дейінгі аралығы (40-80 шақырым) жүк көліктері үшін; сағат 19:00-де «Алматы-Өскемен» күре жолының Талдықорған қаласынан Үшарал қаласына дейінгі бөлігі (287-558 шақырым) жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылды.