27 желтоқсанда сағат 23:00-де Қарағанды-Астана бағытындағы Бабатай стансасы учаскесінде пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы».
Айта кетейік, бүгін 17 :15-те Қарағанды жол бөлімшесінің Бабатай стансасында жүк пойызының электровозы мен 12 вагоны жолдан шығып кеткен еді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жанынан арнайы құрылған комиссия оқиға барысын тексеруде», делінген хабарламада.
Айта кетерлігі оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.