• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №735

125 рет
көрсетілді

2016 жылғы 24 қараша ,    Астана, Үкімет Үйі Павлодар облысының кейбір білім беру  ұйымдарын қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Респуб­ли­касының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темір жол вокзалдарына, темір жол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Павлодар облысының мынадай білім беру ұйымдары: 1) «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Ақсан жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Дүйсенбай Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 2) «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Бірлік жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Жылбек Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  Б.САҒЫНТАЕВ