• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2016

Сатып алу жүйесі жетілдірілуде

194 рет
көрсетілді

Кеше «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ еншілес ұйымы «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС ұйымдастыруымен сатып алу жүйесі ақпараттық жұмыстарының таныстырылымы өтті. Жиынды мекеменің атқарушы директоры Серікбек Елшібеков ашып, сөз сөйледі. Басқосу барысында компания атқарушы директорының орынбасары Мұхит Мағажанов сатып алу жүйелерінің жай-күйі жайында баяндады. «Біз­дегі барлық жүйелер бірың­ғай номенклатуралық  анық­та­ма­лық­пен бекітілген.  Ол біз үшін өте маңызды. Себебі, көптеген мем­лекеттерде мұндай анықтама жоқ, ал бізде 160 мыңға тарта код жинақталған. Әрбір сатып ала­тын тауардың, қызметтің немесе жұмыстың өздеріне тиесілі кодтары бар. Сатып алулардың барлығы  сол сандар арқылы жүзеге асырылады. Енді осы сатып алулардың барлығы бір электронды жүйеде жүргізіледі», деді М.Мағажанов. Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» ҰҚ» АҚ-қа тиесілі 250-ге жуық компания сатып алуларын осы электронды жүйеде іске асырады. Бұл барлық кәсіпкерлерге өте ыңғайлы және оңтайландырылған. Себебі, құжаттар бір жүйе арқылы қа­был­­данады, ешқайда барудың қа­жеті жоқ, уақытты үнемдейді. Сатып алу электронды тәсілмен жүргізіледі. «Біз 2009 жылдан бастап Президенттің бастамасымен­ ­арнайы заң қабылданып, мем­­лекеттік сатып алудан босатыл­ғанбыз. Неге десеңіз, еншілес компанияларымыздың барлығы дерлік өндіріске жақын. Әр­бір мекеменің мақсаты – көбі­рек пайда табу, бюджетке көп салық төлеу. Өздеріңіз біле­тін­­­дей, әлемдегі ең үздік тәжі­ри­бені жинап, жаңа қағиданы жа­са­дық. Мұнда негізінен Оңтүстік Кореяның тәжірибесін бас­шылыққа алудамыз. Дұры­сын­да, «Самұрық-Қазына» электрон­ды жүйеге үш жыл бұрын өтіп қой­ған. Бүгінде бір орында тұр­май, тек соларды жаңарту үстіндеміз», дейді компания атқарушы директорының орынбасары. Шарада «Самұрық-Қазы­на Келісім-шарт» ЖШС ашық жұмыс тобы сатып алу жүйе­сіндегі жетілдірілген электронды жүйенің артықшылықтарын жан-жақ­ты түсіндіріп, талқылады. Маман­дар ұсыныстар мен сау­алдарға да кеңінен жауап берді. Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»