• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2016

Жойғыш ұшақтардың партиясы келіп түсті

287 рет
көрсетілді

Қарулы Күштердің жауынгерлік құрамы 4++ үлгісіндегі Су-30СМ заманауи көп функциялы жойғыш ұшақтарының кезекті партиясымен толықты. Ұшақтың бұл түрі өзінің ұшу және тактика-техникалық сипаттамалары бойынша әлемдік ғылыми-техникалық ілгерілеудің аса жоғары деңгейімен алғанда әскери ұшақ құрастыру саласында 5-ші үлгіге барынша жақындатылған.  Ұшақ қарсыластың ақпа­рат­тық және атыспен қарсы іс-қимыл жасау жағдайында тәулік бойы, кез келген ауа райында базадан едәуір қашықтықта жауынгерлік тапсырмалардың кең спектрін орын­дауға қабілетті. Су-30СМ  әуе нысаналарын, сондай-ақ, жерүсті және суүсті нысандарын жою бойынша тапсырмаларды шешеді. Қару-жарақтың кең түрімен және борттық радиоэлектронды құрылғының заманауи кешенімен жабдықталған. Аталған жойғыш ұшақты ой­да­ғыдай меңгеру үшін тех­ни­ка­ның қыр-сырын жақсы біліп, ұдайы өзін өзі жетілдіріп отыру қажет. Бір жарым жыл ішінде ұшқыштар аталған ұшақты сәтті меңгерді. Бұған дәлел ретінде, бірқатар оқу-жаттығуларға  қа­ты­­суын атап өтуге болады. Су жаңа авиациялық техниканың жет­кізілуі,  жалпы алғанда, Қазақстан Қарулы Күштерінің ұшулар қауіпсіздігі мен қорға­ныс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы авиациялық ба­за командирінің тәрбие және идео­логиялық жұмыстар жө­нін­дегі орынбасары, подполковник Теміртас Ыбыраев атап өтті. Су-30СМ ұшақтарының ал­ғаш­қы партиясы Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақ­тан­дырылуына 2015 жылы бұ­дан бұрын Қазақстан мен Ре­сей қорғаныс ведомстволары басшыларының арасында қол жеткізілген уағдаластық шең­берінде келіп түскен болатын, деп хабарлады Қазақстан Рес­публикасы Қорғаныс ми­нис­т­р­лігінің баспасөз қызметі.