Digisport.ro сайтының оқырмандары арасында 2016 жылы Румыния чемпионатының үздік легионеріне дауыс беру аяқталды, деп хабарлады sports.kz.
Бұған дейін «Газ Метан» сапында өнер көрсеткен «Астана» командасының ойыншысы Аздрен Лулаку 45,6% дауыс жинап, бірінші орын алды. Румыния чемпионатында 28 жастағы форвард 20 матчқа қатысып, 16 голдың, 3 нәтижелі пастың авторы атанған.