• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2016

Джейкобс: Головкин менімен жұдырықтасатынын ұмытып кеткен сыңайлы

75 рет
көрсетілді

Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласы америкалық Дэниэль Джейкобс BoxingScene-ге сұхбат берді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. 2017 жылы Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізуі тиіс. Екі тарап әлі келіссөздер жүргізіп жатыр. Алдын ала тараған мәліметтер бойынша бұл кездесу қыркүйек айында өтуі мүмкін. Қазақстандық боксшы оған дейін 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында америкалық Дэниэль Джейкбоспен қолғап түйістіреді. Бұған қоса, америкалық спортшы Геннадийдің барлық белбеуін тартып алып, әлемді таң қалдыратынын айтқан болатын. «Шынымды айтсам, алда болар Головкин мен Альварестің кездесуі мені мүлдем қызықтырмайды. Шамасы, Геннадий бірінші менімен жұдырықтасатынын ұмытып кеткен сыңайлы. Дегенмен, мұндай жағдай менің басымда бұған дейін де болған. Питер Куиллин жайлы айтқым келіп отыр. Ол мені жеңіп, ары қарай GGG сияқты үлкен жекпе-жектер туралы жоспарлап жүрген. Бірақ бәрі басқаша өрбіді», – деді америкалық спортшы. «Қазіргі басты мақсатым – 18 наурызға тыңғылықты дайындалып, лайықты өнер көрсету. Бұл үлкен жекпе-жек. Шаршы алаңда 36 минут (12 раунд) шыдас беріп, қажетті нәтижеге қол жеткізгім келеді. Ал қалғаны бос әңгіме», – деді ол. Айта кетейік, Джейкобс бұған дейін Головкиннің Келл Брукпен өткізген ұрысында қателіктерін байқағанын, оны британиялыққа қарағанда тиімді пайдаланатынын мәлімдеген болатын.