• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2016

29-31 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

424 рет
көрсетілді

Синоптиктер 29-31 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 29-31желтоқсанда облыстардың көбінде қар жауып, боран соғып, батыс желі 15-20 м/с дейін күшейеді. Бірақ, ауа температурасы нормадан 2-5 градус жоғары болады. Жұрт ойлағандай қатты аяз болмайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда, оңтүстік циклонның ықпалынан қар және сулы қар түріндегі жауын-шашын түсіп, соған орай көктайғақ пен тұман күтіледі. Айта кетейік, жаңа жыл түніне және мерекелік күндерге арналған ауа-райы болжамын синоптиктер 30 желтоқсанда хабарлайды.
Соңғы жаңалықтар