• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2016

Оқушы көлік құрастырды

204 рет
көрсетілді

Қазақтың «Әке көрген оқ жонар» деген сөзінің растығына мектеп оқушысы Ерғали Нұрғалиұлының көлік құрастырғанын білгенде илана түсесіз. Оның атасы Ғилаж қария да бір кездері кеңшардың «К-700» аталатын алып тракторын жүргізген. Техниканың тілін әкесі Нұрғали да жетік біледі. Ол «КамАЗ» жүргізумен шектелмей, бірнеше көлікті ұршықша үйіреді, дейді ауылдастары. Ауласынан техника үзілмейтін отбасында тәрбиеленген Ерғалидың техникаға әуестігі бала кезінен байқалыпты. Ол қазір шағын болса да жеке көлігін құрастырды. Әзірге екі адамға арналған. – Әуелі қаңқасын құрастыруға төрт қырлы темірді пайдаландым. Содан соң «ИЖ» мотоциклінің моторын орнаттым, – дейді Ерғали Нұрғалиұлы. – Беріліс қорабына «Жигулидің» тетігін қолдандым. Ерғали Нұрғалиұлы қазір Иса­тай ауданындағы Ж.Мыр­заға­лиев атындағы орта мектептің 11-сы­ныбында оқи­ды. «Жас ұлан» ұйы­мы мен «Жас техник» үйір­ме­сінің белсенді мүшесі. Та­лап­ты оқушының ескі жаб­дықтар арқылы құрастырылған көлігі әлі де жетілдіруді қажет ететін болар. Дегенмен, оның ынтасы ауылдастарын қуантып отыр. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» Атырау облысы