• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2016

Алау алып пештен тұтанады

181 рет
көрсетілді

Бір айдан соң Алматыда XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың алауы жағылып, 60-қа жуық мемлекеттен келетін екі мыңдай спортшы спорттың 12 түрінен сынға түседі. Осынау дүниежүзілік додаға еліміздің әр өңірі ерекше дайындық үстінде. 2017 жылдың 26 қаңтары күні Қарағанды мен Теміртау қалаларында он екі шақырымдық Алау эстафетасы өтпек. Эстафета алауын кезекпен алып жүгіруге 60 адам іріктеліп алынды. Алдын ала қойылған талапқа сәйкес, олардың бәрі де оқу мен спортта, қоғамдық өмірде көш басынан көрініп, көзге түскен дарынды жастар. – Алауды Теміртаудағы әйгілі металлургия комбинатының дом­на пешінен осы жерде кезінде Елба­сымен бірге еңбек еткен серік­терінің бірі және Қарағанды мем­лекеттік индустриялық уни­вер­ситетінің студенттері тұтан­дырады, – дейді облыстық дене шынық­тыру және спорт басқар­ма­сы­ның басшысы Наталья Сухорукова. – Сонымен бір мез­гілде Қарағанды мемлекеттік тех­ни­калық университетінің сту­дент­тері шахтаға арнайы түсіп, көмір алады да, облыс орталы­ғын­дағы «Қарағанды-Арена» мұз сарайында орналасқан негізгі алау құтысына жеткізеді. Қарағанды мен Теміртау эстафеташылары мәреге жететін мұз сарайында көпшілікті үлкен мерекелік бағ­дарлама күтеді. Жалпы, Универсиадаға Қара­ған­ды облысынан спорттың шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, мәнер­леп сырғанау, конькимен жү­гіру және биатлон сынды түр­лерінен бар­лығы 14 спортшы қатыс­пақ. Қандай да болсын деңгей­дегі спорт бәсекесінен олжа­сыз қайт­пай­тын қарағандылық жастар әлем сту­денттерінің арасында да суырылып алға шығарына сенімдіміз. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ