• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2016

Медициналық туризм мемлекетіне айналдық

176 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 25 жылдың бедеріндегі басты жетістік­тері­мізді саралай келіп: «Біздің халқымыз ешқашан бүгінгідей бақуатты тұрмыс кешіп көрген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағын салдық. Олардың барлығын ең соңғы үлгідегі құралдармен жаб­дықтадық. Аса күрделі операцияларды өз елімізде өз дәрігерлеріміз жасай­тын жағдайға жеттік. Жалпы, халық­тың тұрмысы, денсаулығы түзелуі­нің, санының өсуінің нәтижесінде қазақ­стандықтардың орташа өмір ұзақтығы 72 жасқа жуықтады», – деген еді. Шынында да біздің еліміз денсаулық сақтау саласында көптеген табыстарға қол жеткізді. Ең бастысы, жұрттың өз денсаулығына деген жауапкершілігі күшейіп келеді. Бұл бағытта Ұлттық скринингтік бағдарламасының рөлі ерекше екені анық. Жуалы ауданында осы бағдарламаны іске асыру барысында 18 051 адам скрининг­тік тексеруден өтті. Тұрғын­дардың арасынан 294 ауру жағдайлары анық­талды, оныӊ ішінде 162 қан айналымы жүйесі аурулары, 112 жатыр мой­ны обыры, 28 сүт безі обыры, 10 қант диабеті және 2 колоректальды обыр тексе­ріліп, анықталды. Міне, осыдан-ақ, соңғы жылдары ауыл тұрғындарының ден­сау­лығын бақылау мәселесі ерекше назарға алынғанын байқауға болады. Кеше ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыста тоқсаныншы жылдардың басындағы және бүгінгі медицинаның арасы жер мен көктей екенін айта келіп: «Жаңа емдеу орталықтарынан өзге, елімізде 49 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Қазақстан – медициналық туризм еліне айналды, бізге алыс-жақын шетелдерден науқастар емделуге келеді», деп ақ халатты жандарды бір қанаттандырып тастағаны анық. Шынында халықтың денсаулығы – еліміздің басты байлығы. Сондықтан, ауданның денсаулық сақтау саласының қызметкерлері алдағы уақытта да науқастардың өмірін құтқаруға бар күш-жігері мен кәсіби біліктілігін жұмсайтын болады деп сендіре аламыз. Батихан АЛПЫСБАЙ, Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жамбыл облысы