• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2016

Павлодар облысы ауылды сумен қамтуға 7,4 млрд теңге бөледі

174 рет
көрсетілді

Павлодар облысында ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 7,4 млрд теңгеге 25 жоба қаржыландырылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауов жылдың қорытынды жиналысы барысында мәлім етті. «Железин ауданына қарасты Аққайың және Крупское ауылдарында су құбырының құрылысын жүргізу мақсатында құжаттары әзірленді. Егер аулдың тұрғындары 200-ден аз болса, онда іздестіру барлау жұмыстары жүргізілмейді. Жалпы, облыстағы 31 тірек ауылдың 10-ы ғана орталықтандырылған ауыз сумен жабдықталған. Мысалы, Ертіс ауданы Беловод топтық су құбырының құжаттары өз уақытында дайындалмағандықтан құрылыс жұмыстары кеш жүргізілді. Өздеріңіз білетіндей, өткен аптада ғана су құбырларының алғашқы кезегі аулаға дейін енгізілді», - дейді Болат Бақауов. Аймақ басшысының айтуынша, аудан әкімдігі 2014 жылдан бері 14 ауылдың ауылішілік желілерінің жобалық сметалық құжаттарын әлі аяқтамай отыр. Қазіргі уақытқа дейін Ертіс ауданында Ақбет және Қостомар ауылдарына ғана екі шақырымдық магистрал тартылған. Елімізде ауылдардың 51.5 пайызы орталық сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылған болса, Павлодар облысында бұл көрсеткіш 19.2 пайызды құрайды. Ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету тақырыбында өткен жиын барысында Павлодар облысында ауылдық аймақтардың 78 пайызы ғана ауыз сумен қамтылғаны анықталған. Облыс әкімі Премьер-Министрден үш жылға республикалық бюджеттен 15,1 миллиард теңге бөлінуі үшін өтінішті толық қолдауды сұрады. Аймақ басшысының болжамы бойынша бұл сумен қамтамасыз ету бойынша көрсеткішті 29 пайызға дейін арттырып, 47 мың адамды сапалы сумен қатмамасыз етуге мүмкіндік береді.