• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2016

БҚО-ға биыл 340,2 млрд теңге инвестиция түсті

150 рет
көрсетілді

2016 жылғы қаңтар-қараша аралығындағы кезеңде Батыс Қазақстанның негізгі капиталына инвестициялар көлемі бағалауды ескергенде 340,2 млрд теңгені немесе 2015 жылғы қаңтар-қараша кезеңімен салыстырғанда 117,7% құрады, деп хабарлады облыстың статистика департаменті. Инвестициялардың технологиялық құрылымында 37,7% - ғимараттар мен құрылыстарды салу және жөндеу бойынша жұмыстар, 34,5% - машиналар, жабдық, құралдар, мүкаммал, 27,8% басқа күрделі жұмыстар мен шығыстар құрады. 2016 жылғы қаңтар-қараша аралығындағы кезеңде инвестициялық салымдардың 82%-ы – өнеркәсіпке, 6,1%-ы – жылжымайтын мүлікпен байланысты операцияларға, 5,4%-ы көлік пен қаттауға бағытталған. Негізгі капиталға инвестициялардың ең көп көлемдері Бөрілі (185,3 млрд теңге), Зеленовский (95,6 млрд теңге) аудандарында және Орал қаласында (42,9 млрд теңге) байқалады.