• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2016

«Астанаэнергосбытке» 3 млн теңгеге айыппұл салынды

162 рет
көрсетілді

Антимонополиялық орган «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ға заңнаманы бұзғаны үшін 3 миллион теңге айыппұл салды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі. «Астанаэнергосбыт» ЖШС «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңының 5-бабы, 1-бөлімі, 5-тармақшасында көрсетілген (табиғи монополиялар субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларға, жұмыстарға) қолжетімділік жағдайларын міндеттеу немесе тұтынушыларды кемсітушілікке әкеп соғатын өзге де әрекеттер) құқықбұзушылық фактісі анықталды», - делінген ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің хабарламасында. Осыған байланысты «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ға ҚР ӘҚБК 164-бабы, 4-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама толтырылды. Комитет департаменті серіктестіктің өтінішіне сәйкес, ҚР ӘҚБК 24-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қарауына жіберді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қаулысымен 1600 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, яғни мемлекет пайдасына 3 393 600 теңге өндіріледі.