• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Желтоқсан, 2016

Арал ауруханасына қаржы керек

124 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында әлеуметтік салада жұмыстарды жандандыруға басты назар аударылып келеді. Оның ішінде, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларының қызметін жетілдіру мен сапасын жақсарту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Осы тұрғыда Қызылорда об­лыс­ы­ның Арал қаласындағы аудан­дық орталық ауруханасына қатысты осы бір шешімін күткен мәселені көлденең тартсам деп едім. Аталған медициналық емдеу орталығы – 80 мыңнан астам жер­гі­лікті халыққа стационарлық ме­дициналық көмек көрсететін жал­ғыз аурухана. Ал аудандық аурухана 1989 жылы типтік жобамен салынған болатын. Қазіргі әбден тозығы жетіп тұр. Қазақстан Республикасы Ұлт­тық экономика министрлігінің Құ­­ры­лыс және тұрғын үй -комму­нал­­дық шаруашылық істері коми­тетінің «Қазақ құрылыс және сәу­лет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ-тың 2016 жылдың 18 қазанында алынған №297 қорытындысына сәйкес, ны­санның апаттық жағдайда еке­ні нақтыланып, қолданыстағы құ­рылысты қайта жаңғыртуға немесе одан әрі пайдалануға мүмкіндік бол­мауы себепті нысан бұзылуға жа­тады деп танылған. Алайда, басқа ғимараттың бол­мауына байланысты бүгінде аурухананы жауып, оның жұмысын тоқтату мүмкін болмай отыр. Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан жаңа аурухана құры­лы­сының жобалық-сметалық құ­жат­тары әзірленіп, мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынған. Құрылыстың жалпы сметалық құны 4,5 млрд теңгені құ­райды. Бюджеттік өтінім Қазақстан Рес­публикасының Ден­сау­лық сақ­тау және әлеуметтік даму ми­нистрлігіне жолданған. Ел бо­ла­шағы, өскелең ұрпағымыздың саламатты да дені сау ұрпақ болуын ойласақ, бүгіннен бастап осындай әлеуметтік маңызы бар объектілер салу мәселелерін шешуге кірісу қажет. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, еліміздің Үкіметі «Арал өңi­рi­ндегi экологиялық қасiрет сал­дарынан зардап шеккен азамат­тарды әлеуметтiк қор­ғау туралы» Заңға сәйкес, Қызыл­орда об­лысындағы Арал ауданы аума­ғы­ның экологиялық апат аймағына жата­тындығын ескере келе, Арал қала­сында жаңадан аудандық орта­лық аурухана құрылысының алдағы жылы басталуына қажетті қаражатты қарастыру арқылы оң ықпал етеді деп үміттенемін. Бекмырза ЕЛАМАНОВ, Сенат депутаты