АҚШ Вашингтон мен Сан-Францискодан 35 ресейлік дипломатты кері қайтарды, сондай-ақ Ресейге қатысты жаңа санкциялар салынғаны жөнінде жария етті, деп хабарлады BBC.
Санкциялар сайлауалды науқан барысындағы кибершабуылдарға байланысты енгізілгені мәлім етілген, Вашингтон оған Ресейді айыптап отыр.
Шектеу шаралары алты адамға және бес мекемеге қатысты, олардың арасында Ресейдің Федеральдық қауіпсіздік қызметі де бар. Дипломаттар АҚШ аумағын 72 сағат ішінде тастап шығулары тиіс.