Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасарлары тағайындалды.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды;
Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.
Сондай-ақ зейнеттік жасқа толуына байланысты Дабыр Қамысбайұлы Іңкәрбаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары қызметінен босатылғаны хабарланды.