Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағаларының орынбасарларын қабылдады.
Кездесу барысында облыс әкімі бастауыш ұйымдардың жұмысын ұдайы жетілдірумен қатар, олардың қызметін ұйымдастыру ісін жандандыруды тапсырды.
«Оңтүстік Қазақстан облысы – аграрлы аймақ. Десек те, осы саланың даму үдерісі көңіл көншітпейді. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында еңбек етіп жатқан кәсіпкерлердің қатары да аз болып отыр. Сондай-ақ, ауылды жерлердегі шаруа қожалықтарын бірлескен кооперативтерге біріктіру ісін де жандандыруымыз қажет. Бұл бағыттағы жұмыстарды үйлестіруге партия ұйымдары да атсалысуы тиіс», – деді облыстық филиал төрағасы Жансейіт Қансейітұлы.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»