• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Желтоқсан, 2016

Универсиадаға БҚО-дан төрт шорттрекші қатысады

200 рет
көрсетілді

Алдағы жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші дүниежүзілік қысқы Универсиадаға Батыс Қазақстан облысынан шорт-тректен ҚР ұлттық құрамасы сапында Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев және Анита Нагай қатысады, деп хабарлады «ҚазАқпарат». Биыл Қазақстанның шорт-трек шеберлері әлемдік додаларда осы спорт түрі бойынша ең үздік табыстарына қол жеткізді. Атап айтқанда, Абзал Әжіғалиев 500 метр, Нұрберген Жұмағазиев 1 мың метр қашықтықта әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанып, дүние жүзі мамандарының назарына ілінді. Оған қоса, құрамында А.Әжіғалиев, Н.Жұмағазиев, А.Бекжанов және қостанайлық Денис Никиша бар жігіттер Солт-Лейк-Ситидегі әлем кубогы кезеңінде 5 мың метрлік эстафеталық жарыста қола жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар, Анита Нагай өткен жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы Олимпиада ойындарында қола жүлдені иеленген болатын.
Соңғы жаңалықтар