• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
01 Қаңтар, 2017

1 қаңтарға арналған ауа райы

184 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел күшейеді. Тек қана еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз   болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Ақмола, Павлодар  облыстарында бұрқасын соғады, кей жерлерінде қатты жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, кей жерлерінде 30 м/с-ға дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде  жел екпіні 23 м/с-ға дейін күшейуі күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Қостанай облысының  кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, екпіні 25 м/с, кей жерлерінде 30 м/с, кей жерлерінде бұрқасын.