Қарағанды облысында Шаханда жылыту қазандығының жарылу салдарынан көп қабатты үйдің бөлігі құлаған жағдайды ведомствоаралық комиссия тергейді, деп хабарлады өңірлік ТЖД.
«Қазіргі сәтте ведомствоаралық комиссия құрылды. Оның құрамына мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау басқармасы облыстың ТЖД мен әкімдігінің мамандары кірді. Алдын ала деректерге сәйкес төтенше оқиға жылыту автоматты жүйесі жұмысының ақауынан болған», - делінген хабарламада.