Бейжіңде ауа ластануына байланысты қауіптің қызыл деңгейі ұзартылды, деп хабарлайды РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Қытай астанасында қатты шаң-тозаңнан әуе рейстері кешіктіріліп, автожолдар жабылды.
Бұл қалада ауа ластануы жыл сайын қараша мен наурыз айлары аралығында өткір проблемаға айналады. Ал биыл Бейжің қоршаған ортаның ластануына қарсы күреске 2,5 млрд доллар бөлмек.
Төменде 20 минуттың ішінде түтін мен шаң-тозаң қала көшелерін көрінбестей етіп жауып тастағаны байқалады.