Синоптиктер 2017 жылдың 5-7 қаңтарына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды egemen.kz "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Жаңа жылдық мереке күндері ауа температурасы Қазақстан аумағында нормадан 8-15 градусқа жоғары болды. Күндізгі температура 2 градусқа дейін көтерілді. Шығыс облыстарындағы жылы ауа райы бірінен соң бірі Батыс Сібір және Қазақстанның солтүстік аудандары арқылы өткен атлантикалық циклондармен байланысты болды", - деп хабарлайды синоптиктер.
Мамандардың айтуынша, кезекті циклон жақын арадағы тәуліктерде республиканың солтүстік жартысындағы ауа-райына өз ықпалын тигізеді. Соған орай қар жауып, боран соғып, күшті батыс желі күтіледі.
Сондай-ақ, Орталық Азиядан жылжыған циклон оңтүстік облыстарға жауын-шашын, тұман және көктайғақ әкелетіні айтылады. Осылайша, Қазақстанға Архангельск ауданынан