Бүгін Шахан кенті мен Сарепта ауылында төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан алты адамды жерлеу рәсімі өтті. Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков азалы шараға қатысып, марқұмдардың туыстарына көңіл айтты.
Валери Михайлов Сарепта ауылына, ал қалған бес адам – Виталий, Ольга, Евангелина Андроповтар және Василия мен Артур Галышевтар Шахан кентіне жерленді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс әкімдігі жерлеу және еске алу рәсімдеріне қатысты шығындарды өз мойнына алды. Сонымен қатар, облыс әкімдігі опат болғандардың отбасыларына 1 млн теңгеден, ал жарақат алғандарға 500 мың теңгеден материалдық көмек көрсетеді.
Қайрат Әбілдинов,
«Егемен Қазақстан»