• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2017

Қамкөңіл жандар қолдау көрді

195 рет
көрсетілді

 Жергілікті билік тағдырдың жазуымен тауқымет тартып қалған мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамту мәселесіне ұдайы көңіл бөліп келеді. Өңірде шамамен 25 мыңнан ас­там мүмкіндігі шектеулі жандар бол­са, олардың 3 мыңға жуығы бала­лар. Облыстық жұмыспен қамту жә­не әлеуметтік бағдарламалар бас­қар­масының мәліметтері бойынша, есепті кезеңде 620 мүгедек жан жалпы сомасы 514,5 млн теңге болатын қозғалыс құрылғылары, сурдотех­ника, тифлотехника, санаторийлік-ку­рорттық сауықтыру, протезді-орто­пе­диялық қыз­мет­тер, гигиеналық құ­рал­дар, ымдау тілі ма­ман­дарымен және жеке көмекшімен қамтамасыз етілген. 2100-ден астам адам үйде күтім түрінде әлеуметтік көмек алады. Төрт үкіметтік емес ұйым мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 273 мүгедек балаға осындай қызметтер көрсетеді. Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша Ұлт жос­парын жүзеге асыруға сәйкес 125 нысан әлеуметтік бейімдеуден өтті. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен өңірде мүгедектерді оңалтуға бағытталған басқа да жобалар жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы саладағы бақылауды күшейтіп, мүгедектерді жұмысқа қабылдау квотасын бұзған мекемелердің басшыларына қатаң шара қолдануды ұсынды. Облыс әкімі, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға қала бойынша қозғалыс үлкен қиындық туғызып отырғанын және бұл мәселені шешуде инватакси санын арттыру қажеттігін атап өтті. Мүм­кіндіктері шектеулі адамдарды қол­дауға бағытталған әлеуметтік іс-шараларға тәрбиелеу мақсатында жастарды белсенді тарту қажеттігіне тоқталды. Мемлекет басшысының сая­саты тәуелсіздіктің алғашқы күн­де­рінен бастап әлеу­меттік әділеттілік қа­­ғидаттарына негізделгеніне, мемлекет арнайы бағ­дарламаларды жүзеге асырып, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін қыруар қаржы бөліп отырғанына назар аударды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» АҚТӨБЕ