• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2017

Аймақтарда кездесу өткізуде

199 рет
көрсетілді

Кеше аймақтарда Мәжіліс де­пу­таттарының сайлаушылармен кездесулері басталды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Парламентшілер сайлаушыларға өзде­рінің заң шығару қызметі, сонымен бірге, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындаған тапсырмаларды орындау жолы туралы баяндайды. Барлық үш парламенттік партиялардың фракциялары мен Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Мәжіліс де­путаттарының сайлаушылармен кез­де­су­ле­рі қаңтардың 4-і мен 13-і ара­лы­ғын­да ұйым­­дастырылады. Кездесулер облыс және ау­дан орталықтарында ғана емес, сонымен қатар, шағын қалалар, ауылдар мен шалғай ауылдарда да өтеді. Мәжіліс депутаттары аймақтардағы ең­бек ұжымдарымен, жұртшылықпен кездеседі, азаматтарды қабылдау өткізеді, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарға барады.