• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2017

Қазақстан премьер-лигасы 95 млн еуроға бағаланды

224 рет
көрсетілді

Немістің әйгілі Transfermarkt сайтының хабарлауынша, Қазақстан Премьер-лигасындағы командалардың жалпы құны 95 миллион еуроны құрады. Бұл туралы alzhan.kz хабарлады. Бұған дейін аталған сайт еліміздегі трансферлік құны жоғары футболшылардың тізімін жасаған. Қазақстан Премьер-лигасында 12 команда өнер көрсетеді. Тізімді ел чемпионы «Астана» (22 300 000 еуро) мен Алматының «Қайраты» (19 080 000 еуро) бастап тұр. Ал барлық командалардың құны 95 730 000 еуроны құрайды. Германияның Бундеслигасы 2 500 000 000 еуроны құраса, Италияның А сериясы 2 860 000 000 еуроға бағаланған. Екінші орынды Испанияның Ла Лигасы иеленген. Месси мен Роналду секілді әлемнің үздік футболшылары доп тебетін біріншіліктің құны 4 миллиард еуроға жуық. Ал әлемдегі ең қымбат чемпионат болып Англияның Премьер-Лигасы танылды. АПЛ-де өнер көрсететін футболшылардың жалпы құны 5 миллиард еуро төңірегінде.