• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2017

Арқар ауып несі бар?..

668 рет
көрсетілді

Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментіне қарасты табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Қарағайлы кентінде «Қызыл кітапқа» енген арқарды жоймақ болған жергілікті тұрғындарды қолға түсірді.  Бұрнағы күні өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау бойынша жүргізілген арнайы рейдтік шаралар барысында табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Қарағайлының шетіндегі мал жайылымынан осы кенттің екі тұрғынын жолықтырып, жауапқа тартқан. Олардан аң қууға әккіленген төрт ит пен жаралы арқар тәркіленді. Қаскөйлер бейкүнә жануар қаша алмауы үшін әдейілеп оның аяқтарын сындырған. Арқарды оңдырмай қинап, онымен әрлі-берлі селфиге түскен әпенделердің ұялы телефоны да енді өздеріне қарсы бұлжытпас айғақ болмақ. Қазір ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы бойын­ша (заңсыз аңшылық) тергеу амалдары мен бірқатар сараптамалар жүргізілуде. Арқада биыл қыс жылы, осындай әумесер аңшылар болмаса, арқар да, мүмкін, аумас па еді?! Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» Қарағанды облысы