• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2017

Заңды ақшасын ала алмай жүр

233 рет
көрсетілді

Маңдай тер, табан ақы арқылы бала-шаға нәпақасын ілдәлдалап айырып жүрген еңбек адамдарына жалақы төлемеу, болмаса кешіктіріп беру фактілері облыста азая­р емес. Бүгінге дейін 200-ге жуық жеке тұлғадан өтініш түсіп, жұмыс берушілерге 35 миллион теңге айыппұл салынса да, мәселе түпкілікті шешімін таппай отыр. Еңбек инспекторларының мәліметтері бойынша 11 кәсіпорынның ғана берешегі 70 миллион теңгені құрайды. Заңды ақшаларын даулап жүргендердің саны төрт жүз­ден асып жығылады. Ті­зімге енген жұмысшы-қыз­мет­керлердің басым бөлігі  – ауылдықтар. Мәселен, «Би Электро», «Ақжар Целина», «Қайранкөл Астық», «Транс Авто» сықылды серіктестіктер еңбекақы жөнінен қарызға белшеден батқан. Жыл басынан бері жарты мыңдай мекемеге тексеріс жүргізіліп, бір жарым мың еңбек заңнамасының бұзылу оқиғалары тіркелген. 316 лауазымды және заңды тұлғаға 48 миллион теңге айыппұл салынып, түрлі жаза­ларға тартылған. Еңбек қауіпсіздігі сақ­талуының да оңып тұрғаны шамалы. 69 жазатайым фак­тісі орын алып, 7 адам қаза тапқан. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы