• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2017

Мал іздеуші машинамен мұз астына түсіп кетті

161 рет
көрсетілді

Қызылордаңызды желтоқсанда ғана аздап аяз қысқан. Қар жиі жауғанымен, айтарлықтай суығы болмады. Соңғы бірнеше күнде ауа-райы жылынып, жер еріп, жаңбыр сіркіреп тұр. Мұны неге айтып отырмыз? 4 қаңтар күні төтенше жағдайлар қызметінің диспетчерлік бөліміне Қызылорда облысы, Шиелі ауда­ны, Бәйгеқұм елді мекенінің тұсындағы Қанқожа көліне мұз астына өзінің автокөлігі түсіп кеткендігі жөнінде сол ауылдың тұрғыны хабарлаған. Жағдай былай болыпты. Бәйгеқұм ауылының тұрғыны досының жоғалған малын іздеуге барады. Көлдің арғы бетін көктей шолып өтпек ниетпен «OPEL Vectra» маркалы автокөлігін мұздың үстіне салып кеп жібереді. Содан мұздың үстінде келе жатып, көлік суға батып кеткен. Алайда, өздері аман-есен шығып, автокөлік мұз астында қалған. Құтқарушылар сүңгуір жаб­дық­­тарын пайдаланып, бар күш­терін жұмсап, көлікті жағаға шығарып берді. Әйтеуір, оқиға адам шығыны болмай аяқталды. Мұз жарылып, көлік күмп етіп көлге түскенде, машинаның есігі ашылмай қалса, орны толмас өкініш болар еді. Сондықтан, «сақтансаң – сақтайды» деген қағиданы қатаң ұстамаса болмайды. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан» Қызылорда облысы