• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2017

Головкиннің бокс кешінде әлем чемпионы да жұдырықтасады

159 рет
көрсетілді

WBC нұсқасы бойынша жеңіл салмақта әлем чемпионы никарагуалық Роман «Чоколатито» Гонсалес (46-0, 38 КО) Головкин мен Джейкобс арасындағы бокс кешінде өз кездесуін өткізеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Boxrec.com ақпараты бойынша Гонсалестің жекпе-жегі бұл күні андеркарт ретінде өтеді. Никарагуалықтың қарсыласы әзірге белгісіз. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол Срисакет Сор Рунгвисаи (41-4-1, 38 КО) болуы мүмкін. Бір айта кетерлігі Роман Гонсалес түрлі басылымдар мен сарапшылардың пікірінше Р4Р рейтингінде үздік боксшылардың бірі. Сонымен қатар, осы күні андеркарт ретінде украиналық Александр Усик те өзінің айқасын өткізетіні хабарланған. Естеріңізге сала кетейік, WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA титулының иегері Дэнниэль Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.