• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?

20 рет
көрсетілді

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бірінші күннің бағдарламасында әйелдер арасында скиатлон сайысы (10 шақырым + 10 шақырым) өтті.

Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы жарыс жолына шықты. Ксения Шалыгина 53-орынға табан тіресе, Надежда Степашкина 60-орынды иеленді.

Олимпиаданың алтын жүлдесін Швеция спортшысы Фрида Карлссон жеңіп алды. Екінші орында да швециялық Эбба Андерссон тұрса, қола жүлде Норвегия өкілі Хейди Венгке бұйырды.

Айта кетейік, бүгін сағат 20:00-де конькимен жүгіру (3000 метр, әйелдер) сайысында ел намысын Елизавета Голубева мен Надежда Морозова қорғайтын болады. 

Соңғы жаңалықтар