• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2017

Оңтүстік Қазақстан әкімі түскен арыздар бойынша тапсырма берді

289 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті деп хабарлайды egemen.kz тілшісі. Күн тәртібінде 2016 жылғы құжат айналымы мен ондағы тапсырмалардың орындалу жайы талқыланды. Бұл жөнінде облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов баяндама жасады. Арыз-шағымдар бойынша арнайы тоқталған аппарат басшысы 2016 жылы облыс әкімдігіне 3896 өтініш келгенін айтты. Оның ішінде, жеке тұлғалардан 2973, заңды тұлғалардан 923 өтініш тіркелген. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 164 өтінішке кемігендігін көрсетеді. Алайда бірқатар аудан, қалаларда тұрғындардың арыздану жағдайлары өскен. - Жалпы әрбір басқарма басшысы, өзінің жетекшілік ететін сала бойынша жауапты тұлға болып табылады. Алайда, кейбір хаттамалық тапсырмалардың орындалмауы олардың жауапкершіліктерінің төмендігін, сонымен қатар, өз міндеттерін орындауға немқұрайдылық танытатындығын көрсетеді. Осыған орай, басқарма басшыларына хаттамалық тапсырмаларды орындауға екі апта мерзім беремін, - деді облыс әкімі. Бақтияр Тайжан, «Егемен Қазақстан»