• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2017

«Қайраттың» оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары анықталды

262 рет
көрсетілді

«Қайрат» футбол клубының оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Алматының командасы бірінші жолдастық кездесуін 12 қаңтар күні Албанияның «Кукеси» ұжымына қарсы өткізеді. Ал екінші матч 19 қаңтарда Ресейдің «Орынборына» қарсы жоспарланған. Бір қызығы, «Қайрат» бұл аталған қос ұжымға қарсы ойнаған. 2014 жылы Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Кукесиді» екі ойынның қорытындысы бойынша 1:0 есебімен жеңген. Ал «Орынбормен» Алматы қаласында жолдастық матч өткізіп, нәтижесінде ресейлік клуб 2:3 есебімен басым түскен. Айта кетейік, Түркияның Белек қаласындағы оқу-жаттығу жиыны 5-20 қаңтар аралығында өтеді.