• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2017

Үндеу – демократиялық қоғамның кепілі

196 рет
көрсетілді

Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуін талқылау мақсатында жиналыс өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Питаленко модераторлық еткен оты­рыста «Барбанг» күрдтер қау­ым­­дастығының жетекшісі Князь Мирзоев, Алматы қалалық  Қазақстан халқы Ассамблеясының жетекшісі Қазбек Мамсуров, «Ахыска» түрік бір­лестігі жетекшісінің орынбасары Шахисмаил Асиев, Алматы қалалық Корей  ұлттық бірлестігі басшысының орынбасары Георгий Кан және Алматы қалалық мәс­ли­ха­ты­ның депутаты Нурия Ниязова сөз сөй­леп, Үндеудің әр бөліміне жеке-же­ке тоқталды. Сөз алған барлық қатысушы Үндеудің Қазақстандағы барлық ұлт өкілдері үшін маңызды екенін атап көрсетті. Князь Мирзоев: «Біз Елбасының Үндеуін талқылау үшін емес, талдау үшін жиналып отырмыз. Себебі, бұл – бізге дейін де жеті рет өлшеніп, бір рет кесілген, тыңғылықты ойлас­тырып барып шығарылған шешім. Бізд­ің міндетіміз қарапайым халыққа жан-жақты түсіндіріп Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан қолдау білдіру», – деді. «Біз – үлкен бір отбасының мү­ше­леріміз, – деді Қазақстан хал­қы Ассамблеясы Төрағасының орын­басары Леонид Питаленко. – Тәу­ел­сіздік алған 25 жылдың ішінде тату­лығымызға сызат түсірмей, қан­дай сын сағатта да бірлігімізден ажы­рамай келе жатырмыз. Соның арқасында ішкі, сыртқы саясаты мығым мемлекет құра білдік. Демек, Елбасының бұл шешімі де жалпы халық тарапынан бірауыздан қолдау табатыны сөзсіз. Әлем өзгеріп жатыр, жаңа заман біздің дамып келе жатқан жас мемлекетімізден жаңа қадамдар, батыл шешімдер талап етеді. Бұл реформаның мақсаты да бүгінгі уақыт сұранысына жауап беру». Леонид Николаевич жиын со­ңын­да Үндеуді бірауыздан қолдай отырып, ұсыныстар мен тілек-талаптар бол­са ескерілетінін, соның негізінде Қазақстан халқы Ассамблеясы аты­нан қаулы қабылданатынын ес­кертті. Алмас НҮСІП, «Егемен Қазақстан» Алматы