Apple компанияның табысы 2017 жылдың басында iPhone 7 шыққаннан кейін сатылым табысы бірден көтеріліп, рекордтық 78,4 млрд доллар деңгейіне жеткен, деп хабарлады life.ru.
Өсім әлемнің түкпір-түкпірінде байқалады. Бұл тізімде Қытай ғана жоқ. Компания мұнда сатып алушыларының 12% жоғалтқан. Ал жалпы табыстың 64% АҚШ-тан түскен.
Естеріңізге сала кетсек, iPhone 6S шыққаннан кейін сатылым құлдырап, компания пайдасы азайған болатын.