• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2017

Пойыз жолақысы ЭКСПО билетінің ішіне кіреді

222 рет
көрсетілді

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы темір жолмен сапарларға халықаралық көрме билетінің құнын қосу тетіктерін қарастырып жатыр,  деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дегенмен, ЭКСПО-ға баруға ниетті емес азаматтарға билет бағасы өспейді. «Қазақстан темір жолы» компаниясымен келісімді бекіттік. Олар өз кезегінде билеттердің тиісті көлемін алды. Енді олар пойызбен тасымалдау құнына қосарлап сатуы мүмкін. Бүгінде билет құнын қоса есептеудің тетіктерін қарастырып жатырмыз. Яғни, Астана бағытында темір жол билетін сатып алу кезінде пойыз билетіне қосымша ЭКСПО көрмесіне де билет беріледі», деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев. «Жалпы, осы бағытта билет бағасы өсетін болады, алайда жолаушы ЭКСПО-ға барғысы келмесе, онда пойыз билеті бұрынғы сомада сатылады. Ал егер де халықаралық көрмеге билетті қосарлап алса, жалпылай алғанда билет құны арзанға түседі», деп нақтылады ол. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде 610 мыңға тарта билет сатылып, соның 12 пайызға жуығын шетелдіктер алды. Билеттің құны 4 мыңнан басталып, 8 мыңға дейін жетеді.