• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2017

Астанада аудармашы-гидтер ағылшын тілін үйренеді

267 рет
көрсетілді

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық шеңберінде Астана қаласының әкімдігі гид-аудармашыларды дайындау бойынша жобаны іске асыруда, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 1-28 ақпан аралығында «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-інде ақысыз негізде гид-аудармашылар ретінде оқудан өтуге ниет білдірген және кәсіби қызметін экскурсиялық іспен байланыстыруды жоспарлаған шет тілдерін білетін адамдарды қабылдау басталады. Курстарға 18 жасқа толған, қазақ, орыс тілдерін, шет тілін (Upper Intermediate төмен емес), Астана қаласының тарихын, көрікті жерлерін, картасын жақсы білетін, мәдени және іскерлік қарым-қатынас дағдылары, туризмге қызығушылығы бар азаматтар қатыса алады. Оқыту екі ай бойы жалғасады, оған аудиториялық (дәріс) және тәжірибелік сабақтар кіреді, курс аяқталғанда гид-аудармашы сертификаты табыс етіледі. Жобаға қатысу үшін жоғары, аяқталмаған жоғары немесе арнайы орта білімі барын қуаттайтын құжаттардың көшірмесін; шет тілін меңгеру деңгейін қуаттайтын құжаттардың (диплом, сертификат) көшірмесін; қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы немесе бар екені туралы анықтаманы; психоневрологиялық диспенсерден анықтаманы; наркодиспансерден анықтаманы тапсыру қажет. Жобаға қатысуға өтініштер келесі пошта мекен-жайлары бойынша қабылданады: ainur.welcome@gmail.com, yessilova.a@gmail.com, kadnikovaolga2015@gmail.com, visitastana.kz@gmail.com