• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2017

2017 жылғы қаңтарда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 21 835 теңгені құрады

113 рет
көрсетілді

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2017 жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда 1,5%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 17,8%, жемістер мен көкөністерді – 9,8%, нан және жарма өнімдерін – 8,7%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,7%-ды құрады.

теңге Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда 0-13 жастағы балалар 14-17 жастағы жасөспірімдер 18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық Зейнет-керлер мен қарт адамдар жас жігіттер қыздар ерлер әйелдер Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 21 835 17 655 27 572 21 129 25 949 20 601 20 435 Азық-түлік тауарлары 13 101 10 593 16 543 12 678 15 569 12 361 12 261 Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 8 734 7 062 11 029 8 451 10 380 8 240 8 174