• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2017

Қазақстан қысқы Универсиададағы өз рекордын жаңартты

150 рет
көрсетілді

Қазақстан құрамасы төрт күн ішінде Универсиада тарихында жеңіп алған жүлделер саны бойынша өз рекордын жаңартты, деп хабарлайды vesti.kz. Алматыда өтіп жатқан ойындарда еліміздің спортшылары алты алтын, екі күміс және жеті қола медаль ұтып алды. Осыған дейін еліміздің спортшылары ең жоғарғы көрсеткішті 2015 жылы Гранада қаласында өткен қысқы Универсиада ойындарында көрсеткен еді. Испания жерінде қазақ спортшылары бес алтын және алты күміс медаль алған болатын. 28-ші рет өтіп жатқан Универсиада ойынында біздің қоржынымызға алтынды әзірге биатлоншылар Алина Райкова мен Галина Вишневская, могулшылар Дмитрий Рейхард пен Юлия Галышева, шаңғышы Иван Люфт және де фристайлшылар Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек жеңіп алды. Күміс медальдарды биатлоншы Галина Вишневская мен фристайлшы Жібек Арапбаева иемденді. Қола медальдарды шаңғышылар Анна Стоян мен Анна Шевченко (екі жүлде), биатлоншы Роман Еремин, конькиші Екатерина Айдова, фристайлшы Павел Колмаков пен Жанбота Алдабергенова алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы 15 медалімен жалпы есепте екінші орынға тұрақтады.