• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2017

Қазақстанның көлік саласынан түскен салықтық түсімдер 145,9 млрд теңгеден асты

214 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоПром» одағы соңғы 5 жылда Қазақстанның көлік саласынан түскен салықтық түсімдердің қарқыны туралы мәліметтер ұсынды, деп xабарлайды ҚазАқпарат. 2012-2016 жылдары Қазақстан қазынасына түскен салық көлемі 145,9 млрд теңгені құраған. Салықтық түсімдер ең көп түскен кезең 2014 жылға келген - 43 млрд. теңге. Ең аз көрсеткіш 2012 жылы тіркеліп отыр - 16,1 млрд. теңге. Бес жылдық кезеңнің қорытындысы бойынша, саланың ең ірі салық төлеушісі «Бипэк авто» - «Азия авто» xолдингтері атанып отыр. Оның үлесіне барлық салықтың 40,1%-ы немесе 58,6 млрд. теңге тиюде. Одан кейін Toyota Motor Kazakhstan (16%; 23,4 млрд теңге), КМК Astana Motors (14%; 20,5 млрд теңге), Mercur Auto (4,3%; 6,3 млрд теңге), Автомир (3,8%; 5,6 млрд теңге) тұр. Топ ондыққа Каспиан Моторс (2,8%; 4,1 млрд теңге), Вираж (2%; 3 млрд теңге), Nomad Motors (2%; 2,9 млрд теңге), Allur Auto (1,9%; 2,8 млрд теңге) және Урал-Кров (1,8%; 2,6 млрд теңге) кірген. Айта кетейік, «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль кәсіпорындары одағы» 2015 жылы құрылды және еліміздің автомобиль индустриясының барлық қатысушыларын біріктіреді. Оның үлесіне Қазақстан көлік өнеркәсібі шығарған өнімінің 60%-ы кіреді.