• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2017

Өте орынды болды

243 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» газетінің 2017 жылы қаңтардың 5 жұл­дызында жарық көрген «Әліппе неден айыпты болды?» мақаласы ойыма қозғау салды. Өзім мек­тепте орыс тілі пәнінің мұға­лі­мімін. Әрине, Білім және ғы­лым министр­лігінің жаңа оқу бағ­­дар­­лама­сына жаңа реформа енгіз­ге­ніне қарсы емеспіз, дамыған ел­дер­дің қатарына қосылу үшін бала­лар­дың жаңа заман талабына сай сапалы білім алғанын ұстаздар да, ата-аналар да қолдайды. Шыны керек, технологияның ғарыштап дамып жатқан заманында сауатсыз бала бар деп айта алмайсың. Шындықты айту керек, әрбір ата-ана балаға планшет немесе смар­т­фон алып береді, бесіктен әлі белі шықпаған бала сол теле­фон­ның қалай ашылатынын, қай жерде қандай функциясы бар екенін жақсы біледі. Ол телефондардың ішіне қазақша сөздіктер, әріп­терді, сандарды қайталайтын бағ­дар­ламалар енгізілген. Кейбір балалар санауды, әріптерді жазуды содан үйренеді. Дегенмен барлық бала бірдей емес. Мысалы, ата-аналар ұл-қыздарын балабақшаға береді, кейбірі ата-әжелерінің тәр­биесінде болады. Осы жерде бала-бақшаға барған баламен, бармаған баланың арасында, аспан мен жердей айыр­машылық болады. Барлық бала мектеп қабырға­сында 1-сыныптың табалдырығын аттайды, осы жерде теңдік пайда болады,мектеп табалдырығын ат­та­ған бүлдіршін әдеттегідей «Әліп­пені» үйренеді, 42 әріпті үйренген бүлдіршін «Әліппемен» қоштасу салтанатты кешіне дайындалады, бұл бала үшін өміріндегі қызықты әрі қуаныш­ты сәттердің бірі. Сол үшін де 1-сыныпқа «Әліппе» оқу­лы­ғының қайта ен­гізу өте орынды. Сағындық ЖАҚСЫМБЕТОВ, Үстірт орта мектебінің мұғалімі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы