• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2017

Өгей өнім

165 рет
көрсетілді

немесе жақыннан «дорбалағаннан», алыстан «арбалаған» тиімді ме? Сонымен бәрін сырттан тасуға, шекараның арғы бетінен әкелуге үйреніп алдық. Бас кезінде «коммерсантпыз» деп ала дорба көтеріп, базаршылап қаладан ауылға тауар таситын әйел адамдар шығып еді. Енді қарасақ, базардың бәрі шет елдің киім-кешектері. Қазақстандық киім өнімдері не­кен-саяқ. Бары бар енді, бірақ ба­ғасы удай қымбат. Оның жар­намасы да әлсіз бе, әйтеуір, қал­та­сы қалыңдар тұп-тура шет ел­ден барып киінеді, қалтасы жұ­қалар шет елден алынған тауар­мен киінеді. Мәселен, Өскемен қаласының қарапайым тұр­ғындары аптасына бір рет Семей базарларына келіп, киі­ніп жатады, өйткені, мұнда киім арзан. Иә, киім ғана емес, азық-түлік те арзан. Соңғы кез­­дері мал шаруашылығы өнім­­дерін делдалсыз тікелей сау­даға шығаратын «Солтүстік» ло­гистикалық орталық сияқты бір­неше базарлар ашылды. Ол Омбы-Майқапшағай авто­жо­лы бойында орналасқан. Мұ­ның өзі де қарапайым қала тұр­ғындарына біршама көмек бол­ды. Көмек болғаннан бұрын, көр­ші Ресейден келгендер ауыз­дарының суы құри мақтап-мақ­тап қазақ малының етін са­тып алуда. Оларда мұндай эко­логиялық таза әрі сапалы, ба­ға­сы да арзан өнім жоқ екен. Ет алу үшін Семейге жиі келетін бол­ды ресейліктер. Бірақ сүт ала алмайды, табиғи өнім алыс жол­ға шыдас бере ме?! Міне, ойлап қарасақ, кез келген дүниені сырттан әкеле бермей өзімізде өндірсек, құнар­лы жеріміз де, техникамыз да, жұмыс күші де бар. Бірақ, бір нәрсе жетіспей отыр. Ол ниет. Өйт­кені, еліміздегі қалталы аза­маттар шет елден әкелген тауарын, азығын, шет елде оқи­тын баласын насихаттайды. Одан да гөрі артық ақшаларына жер алып, өңдеп, қарапайым халықты жұмыспен, азықпен, киім-кешекпен қамтыса ғой. Дамыған елдердің барлығын фермерлері, яғни ауылы асырап отыр, оларға ас-ауқат айдан түспейді ғой енді дайын күйде. Сондықтан олар да ауылды дамытуға айрықша көңіл бөледі. Елбасымыз аграрлық саланы дамытуға тапсырма беріп отыр. Шынын айту керек, бұрын ауылдарымыз «миллионер ауыл» атанып, өнімі көл-көсір та­сып, қаланы асырап жататын. Қала­ны емес, Мәскеуді тіке­лей асырайтын. Семейдің ет-консерві комбинатының өнім­дері, ет-шұжықтары сапалы өнім ретінде Мәскеу асып кете бара­­тын. Ет те, сүт те, көкөніс пен жеміс те ауылдан, қала ма­­ңын­дағы саяжайлардан то­лас­сыз ағылатын. – Сол көкөніс, жеміс-жидек беретін саяжайларды 90-ыншы жылдары оңтайландыру кезінде ауылдан үдере көшкен халық басып алды. Ал саяжайлар негізінде тек жеміс-жидек, көк­ө­ніс, картоп өсіруге арналған жазғы мекен болғандықтан, қыста тұруға жарамсыз еді. Ал ауылдан келгендер, қыста бізде жарық жоқ, жылу жоқ деп әкімдікті жаз­ғырады. Олар қабырғасы жұқа саяжай үйін жылыту үшін есік алдында өсіп тұрған жеміс-жидек ағаштарын аяусыз сындырып, отын ғып жағып жіберді. Оларға ештеңе дей алмайсың, себебі, арзан тұратындықтан саяжайды са­тып алды. Және мүлкін жа­рия­­лап, жекеменшіктеріне де айна­лдырып алды, ал бізде осы­лай­ша шаруашылықтың қаланы өнім­мен қамтып тұрған бір са­ла­сы тұралап қалды. Әрине, осы­дан кейін алма, жидек, өрік, қауын-қарбыз және тағы бас­қа­ларын сырттан тасымалдап жейсіз. Ал негізінде оның бәрі Семейде-ақ өсетін, табиғи таза өнімдер еді, денсаулыққа да аса пайдалы, – дейді қаладағы қоғамдық кеңестің төрағасы Ни­колай Исаев. Сөйтіп, біз бүгінде аграрлы ел болсақ та азық-түлік, жеміс-жи­дек, киім-кешекті өзі­міз­ден «дорбалап» тасымай, шека­ра­ның арғы бетінен «арбалап» та­сып, тәуір коммерсантқа ай­нал­дық. Ауыл жастары да ауыл­да жұ­мыс болмағаннан кейін қалаға ағылуда. Кейбір дерек­тер бой­ынша, соңғы 10-15 жылда  қалаға көшiп кет­кен ауыл­дық­тардың саны 2 миллион­ға же­тiп жығылады екен. Қаңтар айын­да Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты Семей қала­­сына арнайы сапармен кел­ді. Халық қалаулылары қала­­ның үкіметтік емес ұйым­да­рымен, Қоғамдық кеңес өкіл­де­рімен, құқық қорғау, сот, про­куратура қызметкерлерімен, әс­керилермен, қалалық мәс­ли­хат депутаттарымен және қара­пайым еңбек адамдарымен кез­десулер өткізіп, «Нұр Отан» партиясының Семей қала­лық филиалында қоғамдық қа­был­даулар өткізді. Мәселен, де­путат Василий Олей­никтің қа­был­дауында болған қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Амангелді Жұманов былай деді: – Қазір ауылда жұмыс­сыз­дық. Қалаға жақын орна­лас­қан ауылда тұратын жас­тар, қыс кезінде жұмыссыз бол­ған­дық­тан, Се­мей­ге келіп, уақытша бол­сын жұмыс істейді. Соның бәрі отбасын асыраудың қамы ғой. Әсіресе, жас отбасыларына қиын. Жастар да маған келіп ай­тып жатыр, уақытша тіркеу мә­селесі де олар үшін қиынға со­ғайын деп тұр. Әсіресе, ауыл жастары алаңдаулы. Уақытша жұ­мысқа келді делік, олар қай­да барып уақытша тіркеуге тұрады? Ауыл халқы үшін мал өсіру маңызды. Сүт-айраныңды сатып алып жатпайсың. Бірақ, ауыл жастары онымен айналысу үшін жеңілдетілген несиеге мал алу керектігін кейде білсе, кейде білмей отырады. Бірақ, жемшөп қымбат, су мәселесі тағы бар. Сондықтан да бұрынғы Кеңес өкіметі тұсындағыдай бір­лі-жарым малмен ауылда өмір сүре алмайсың. Не үлкен ша­руашылық ашу керек, не жал­данып жұ­мыс істеу керек. Ал шаруа қожа­лықтары тұр­ғындарды тек мау­сымдық жұ­мыс­тарға ғана алады екен. Осы­лайша бүгінгі таңда ауылдық жерлерде мал өсіруге онша мән берілмей отыр. Және бір айта кетер мәселе, мал бағу әдісі де өзгерген. Бұрындары Абай ауданы сияқты қазақ аудан­­дарында малды ауыл сыр­тына айдап жібереді, кешке тосып алады, болды. Мал өзі жайы­лып келетін. Ал одан да бұ­ры­нырақ, ата-бабамыз малды жаз шықса жайлауға айдап, қыс түссе қыстақта ұстады, тіпті бертін шопан, малшы да осы тә­с­ілді қолданды, отбасымен бір­ге мал соңында көшіп жүрді. Осы­лайша жайылым жерлерді үнемі өзгертіп отыратын. Ал қа­зір ауыл тұрғындары бір-екі сиыр, бес-алты ешкі, он шақты қойын айдап апарып жайып, қайта әкеледі. Бос жібергенге болмайды, мал біреудің жайқала өсіп тұрған шаруа қожалығындағы егістігіне түсіп кетуі мүмкін. Қожалық иесі айқай шығарады. Ұры-қары тағы бар. Осының бәрін есепке алғанда, қашан шіркін, дүниежүзілік деңгейде бәсекеге қабілетті аграрлы ел бола аламыз деп ойлайсың... Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, журналист Семей