• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2017

Қалаулылар – халық арасында

221 рет
көрсетілді

Жақында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілет­тіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі жарияланып, қоғамнан қызу қолдау тапқан болатын. Сонымен қатар, артын­ша Мемлекет басшысы «Қазақ­­станның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­лет­тілік» тақырыбында Қазақ­стан хал­қына Жолдауын жариялады. Маңызды құжаттарда Елбасы мем­лекет үшін аса құнды мақсаттар мен міндеттерді алға тартып, елдің келешек дамуы жолындағы өзінің ой-пікірлерін де мәлімдеген еді. Елбасы Үндеуі мен Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында Парламент депу­тат­тарынан құралған ақпараттық-наси­хаттық топ Тараз қаласына келген еді. Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігінде актив жиыны өтті. Жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жүргізіп отыр­ды. Әуелі Парламент Мәжілісінің де­путаты Байділда Жылқышиев сөз алып, Елбасы Үндеуі жөнінде пікірін білдірді. Өз сөзінде халық қалаулысы бұдан былай да елімізде президенттік басқару формасының сақталатынын айта келіп, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс мәселелері жөніндегі ойын жеткізді. Әсіресе, Елбасының әлеуметтік-экономикалық салаға ерекше басымдық беріп отырғанын айтты. Сондай-ақ, мәжілісмендер Қожахан Жабағиев және Сәкен Қаныбеков Елбасы Жол­дауында айтылған мақсаттар мен ­міндеттерге тоқталды. Жолдауда айтыл­ған білім беру, денсаулық сақтау, әлеумет, ауылшаруашылық салалары бойынша да әңгімеледі. Бұдан кейін жарыссөзге «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыс­тық филиалы төрағасының орын­басары Шәбден Тілеумұрат, Тараз инновациялық-гуманитарлық универ­ситетінің рек­торы, облыстық мәслихат­тың депутаты Ерболат Саурықов және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшысы Лариса Лысова шығып, Елбасы Жолдауының жан-жақ­тылығын, өз кезегінде аталған маңызды құжат ел өмірінде ірі оқиға болғанын атап өтті. Парламент Мәжілісінің депу­тат­тары жұмыс сапарын ақпан айы­ның алғашқы онкүндігінде облыстың аудан­­дары мен ауылдарында жалғас­тыратын болады.  Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан» ТАРАЗ Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ