• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2017

Маңызды қадамды бірге талқылады

293 рет
көрсетілді

Қарағанды облысына Парламент Мәжілісінің депутаттары Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру мақсатымен келді. Халық қалаулылары – Заң­нама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Нұрлан Әбдіров пен «Нұр Отан» партия­сы фракциясының мүшесі Мей­рам Пішембаев «Maker» ЖШС-нің филиалы – «Қарағанды құю-машина жасау» зауытының жұ­мыскерлерімен кездесті. Әңгі­ме Мемлекет басшысының Жол­дауында көрсетілген дамудың жаңа кезеңіне дайындық жасау жұмыстары, сонымен қатар, Елба­сының билік өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі Үндеуін талқылаудан бастау алды. – Біз бүгін, Елбасымыздың Қазақстан дамуының жаңа бағыт­тарын белгілеп берген Жолдауына байланысты және сонымен бірге, қаңтардың аяғында жариялаған Үндеуіне қатысты Қарағанды шаһарына ат басын бұрдық. Осы екі үлкен мәселе бойынша өңір тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру шараларын бастап кеттік. Басты байқағаным, аталған бастамаларды халық қолдап отыр. Өйткені, Қазақстан қоғамын дамыту – негізгі мақсат екеніне көз жеткізуде, – деді Н.Әбдіров. Депутаттар енді Шет ауданына жолға шықпақ. Ел­ба­сының «Қазақстан-2050» стра­те­гиясында айқындаған үлкен мақсат – әлемдегі ең дамыған мем­лекеттердің озық отыз­дығына ену. Осы жолда ауыл шаруа­шы­лығы саласын алға шыға­рып, ұсақ шаруаларды коопера­тивке бірік­тіру жобасы аса маңызды екені белгілі. Ел сенімділері осы және басқа да қордалы мәселелерді ордалы кеңесте ортаға салмақ. Аталған іс-шараға қатысқан жұмыскерлердің ішінде зауыт­тағы инженер-технолог, машина жасау саласының жас мама­ны Шералы Бекболатов көре­ген Көшбасшының ұлтты бір мақ­сатқа біріктіру кезеңіндегі кезекті Жолдауын бар ынта-ықы­ласымен оқып, танысқан ынталы маман екен. Ол: «Жақында ғана зауытымызға Чехиядан жаңа құрылғы әкелінді. Біз бұл зауытқа цифрлық-бағдарламалық заман­ауи құрылғыларға бағдар­лама жазу үшін маман ретінде қа­был­дандық. Осы сала бойынша Ресейде білім алдым. Өндірісті автоматтандыру өз кезегінде зауыттың өнімділігін ең жоғары деңгейге жеткізеді деп есептеймін. Елбасымыздың Жолдауы еліміздің қарыштап дамуына септігін тигізеді. Жастар артылған сенімді толық ақтайды деп сенім білдіремін», – деді. Халық қалаулылары Қара­ған­дының шалғайдағы елді мекен­дерін бір апта көлемінде араламақ. Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ