• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2017

Универсиаданың бүгінге арналған жарыс кестесі

135 рет
көрсетілді

Бүгін жарыс жолына мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен шығады.   Спорт түрі: Керлинг. Ерлер, әйелдер. Топтық кезең. Кім: Қазақстан - Канада (Әйелдер), Қазақстан - Норвегия (Ерлер), Қазақстан - Швейцария (әйелдер); Басталуы: Бірінші кездесу 09:00-де, екіншісі 14:00-де және үшіншісі 19:00-де.   Спорт түрі: Биатлон. Із қуып жарысу. Ерлер (12,5 шақырым), әйелдер (10 шақырым); Кім: Анна Кистанова, Алина Райкова, Галина Вишневская, Анастасия Кондратьева, Елизавета Бельченко, Дарья Усанова, Антон Пантов, Владислав Витенко, Тимур Куц, Максим Браун, Василий Подкорытов, Роман Еремин; Басталуы: Әйелдер жарысы 12.00-де, ерлердікі 14:00-де (Хабар)   Спорт түрі: Шаңғы қоссайысы. Масс-старт. Ерлер, әйелдер; Кім: Шыңғыс Рақпаров, Әли Айбек, Расул Ғайырбеков, Вячеслав Бочкарев, Эльдар Орусаев; Басталуы: Шаңғы кезеңі 10.00-де, тұғырынан секіру 14.30-да (Хабар)   Спорт түрі: Таушаңғы спорты. Әйелдер. Слалом-гигант; Кім: Мария Егорова; Басталуы: 10.00-де.   Спорт түрі: Фристайл. Параллельді могул (DM); Кім: Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Александр Геберт, Константин Горлачев; Басталуы: Әйелдер жарысы 10.30-да, ерлердікі 11.00-де (KazSport).   Спорт түрі: Конькимен жүгіру спорты. Ерлер (1000 метр), әйелдер (5000 метр); Кім: Иван Аржаников, Роман Креч, Татьяна Климчук, Федор Мезенцев, Станислав Палкин; Басталуы: Әйелдер жарысы 11.00-де, ерлердікі 13.00-де (KazSport).   Спорт түрі: Мәнерлеп сырғанау. Ерлер. Қысқа бағдарлама; Кім: Денис Тен, Абзал Рахымғалиев, Артур Панихин; Басталуы: 14.50-де (Қазақстан)   Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең; Кім: Ресей - Жапония; Басталуы: Басталуы 16.00-де.   Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең; Кім: Чехия - Қазақстан; Басталуы: Басталуы 19.30-да (Хабар)   Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Әйелдер. Плей-офф; Басталуы: 20.00-де   Ескерту! "Шымбұлақта фристайл және таушаңғысы спортынан жарыстар өтеді. Vesti.kz мәліметі бойынша конькимен жүгіру спорты "Медеу" мұз айдынында, керлинг - "Алматы Аренада", ерлер хоккейі - "Халық аренада", әйелдер хоккейі - Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Биатлон мен шаңғы қоссайысы "Алатау" ғимаратында өтеді. Мәнерлеп сырғанау "Алматы Аренада", ал шаңғымен тұғырдан секіру "Сұңқар" ХШТК-де өтеді. Айта кетейік, Қазақстан 6 алтын, 2 күміс, 7 қола медальмен жалпы командалық есепте екінші орында келеді.