• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2017

Қостанай облысында елік ататындар азаймай тұр

210 рет
көрсетілді

Табиғат қорғау поилициясының қызметкерлері бірден үш елікті жайратып салған браконьерді ұстады. Арнайы рейд жүргізгенде  полицейлер ағашты-орманды Меңдіғара ауданының аумағынан заңсыз аңшылық жасаған 63 жастағы күдіктіні тоқтатқан болатын. Расында, оның «Урал-Кунг» маркалы машинасынан  атып алған  үш елік   және  «МР-153» мылтығы табылды. Браконьер жалғыз да емес екен, оның қасында серігі болды. Туған табиғатқа тағылық көзбен қараған ол енді  ҚР ҚК 337-бабының 1- тармағы бойынша «Заңсыз аңшылық» жасағаны үшін сот алдында жауап беретін болады, қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Өткен жылы Қостанай облысында полиция қызметкерлерінен тұратын арнайы жедел топ құрылған болатын. Олар заңсыз аңшылық жасағандар мен  заңсыз ағаш кескендерді анықтайды. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»