• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2017

Төртінші күні төбемізден алтын жауды!

232 рет
көрсетілді

Біздің спортшылар Универсиаданың 4-ші күні 6-шы алтын медальға қол жеткізді Алматыда өтіп жатқан XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың тртінші күні тбемізден алтын жауды. Мұндай нәтижеге Қазақстан құрамасы бұрын-соңды жетіп крмеген еді. Осыдан екі жыл бұрынғы студенттер сайысында біздің спортшы- ларымыз бар болғаны 5 алтын және 6 күміс медаль алған болатын. Тәңірі жарылқаған тртінші күні биатлоншы қыздарымыз Алина Райкова мен Галина Вишневская толайым табысқа қол жеткізіп, топ жарып шықты. Могул спортының мықтылары Дмитрий Рейхард пен Юлия Галышева қарсыластарынан қара үзіп, чемпион атанды. Сондай-ақ, жас шаңғышы Иван Люфт күтпеген жерден жерлестеріне тосынсый жасап, жеңіс тұғырының ең биік сатысына ктерілді. Бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржынына биат лоншы Алина Райкова, фристайлда жұптасқан Жан бота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек алтыннан жүлде салған болатын. Сонымен, Универсиаданың тртін ші кү ніндегі нәтижелер крсеткіші бо йынша біздің ел спортшы ларының еншісінде 6 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль бар.

Алинадан кейін Галина салған алтын

Бұл жолы тағы биатлоншы қыздарымыз ерледі, күткендей-ақ болды! Алина Райкова Универсиададағы ең алғашқы алтынды қанжығасына байлаған күні Галина Вишневская күміске құрық салып еді, естеріңізде болар! Міне, бүгін сол Галина Вишневскаяның аты озды! Қазақстан қоржынына 3-ші алтын медаль түсті! Ентігін баспай тұрып журналистерге сұхбат берген үшінші алтынның иесі Галина Вишневская əңгімені өткендегі 15 шақырымдық ал ғашқы «күміс-жарысты» еске алып бастады: – Сол күні кеткен есемді қайт- кенде де қайтарамын деп өзіме өзім уəде етіп едім. Бүгін мен үшін ауа райы да қолайлы болды, жанкүйерлер қолдауына да қатты ри- замын. Сондықтан да, бұл жеңісімді жаныма жылу, шуақ сыйлаған, күш- жігер берген барша жанкүйерлерге арнаймын! Бүгінгі 7,5 километрлік жарыс жолында мылтық ату кезінде бір рет «сүрінген» спортшы қызымыз қашықтықты 21 минут 43,1 секунд- та жүгіріп өтті. Галина шын мəнінде əріптестерін шаң қаптырып кетті. Украиналық Яна Бондарь (+22.8) күміс, ресейлік Анастасия Егорова (+36.7) қола медаль алды. Қазақ- стандық құраманың биатлоншылары Дарья Усанова 7-ші, Анна Кисталова 8-ші, қазақстандық алғашқы алтынның «авторы» Алина Райкова 12-ші, Анастасья Кондратьева 21-ші орын- мен қанағат танды. Енді Г.Вишневская туралы аз-кем дерекке назар аударайық. Ол – Семей қаласында туған. Алматы Универсиадасы аяқтал­ ғаннан кейін екі күннен соң 23 жасқа толған күнін тойлай­ ды. Биатлоншы қыз 2008 жыл­ ға дейін қыздар футболымен айналысқан екен. Қаладағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетті бітірген. Г . Вишневскаяның осы жылдың басында Германияда (Оберхоф) өткен Әлем кубогы жарысында сенсация жасағанын спорт жанкүйерлері білуі тиіс. Сондағы жарыстың төртінші кезеңінде бір-ақ рет қателескен ол 12,5 шақырымдық масс-старт­ ты 4-ші көрсеткішпен аяқтаған еді. Мамандар соңғы он жыл көлемінде Қазақстан биатлон- шы қыздары арасында мұндай көрсеткіш болмағанын масаттана айтып жүр. Демек, Галинамыз елімізде өтетін бұл Универсиадаға тастүйін дайындалып келген болып шықты. Еуропаны дүрліктіріп оралған сары қыз бүгін, міне, туған еліне саф алтын сыйлады. Кешегі – ешбір медальсыз, сұрқай өткен күннің өтеуі қайтты. Ендеше, бүгінгі үшінші алты­ нымыздың жалғасы болғай! Дәл қазір Қазақстан құрамасы Вишневскаяның алтынының есебінен топтық көрсеткіш бойынша қайтадан екінші орынға көтерілді...

Жеңімпаз Юляны кім білмейді!?

Фристайл дегенде, оның ішінде могул түріне бейімделген спортшы қыздар арасында Юлия Галышеваның өз Отанында өтіп жатқан бұл Универсиадада ме­ дальсыз қалмайтынын қазақ­ стандықтар да, шетелдіктер де шын жүрегімен сезгендей еді. Өйткені, бүгінге дейін де атақдаңқы әлемге танылып қал­ ған Юлия 2015 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2015 жылғы Универсиаданың алтыннан алқа таққан чемпи- оны. Жасөспірімдер арасын- да екі мәрте жеңімпаз атанған. Қысқы Азия ойындарының екі мәрте чемпионы. Финалдық ойынға іріктеу кезеңіне 67,0 балл жинап жеткен Ю.Галышева ақтық бәсекеде 73,80 балмен Универсиада-2017 ойындарының чемпионы атанды. Ресейлік Анастасия Первушина (62,13) күміс, австриялық Катарина Рамзауэр (52,05) қола медаль алды. Спорттық кейіпте сондай салқынқанды көрінген Юля қыз: – Мен бүгін өзімді осы- дан алты жыл бұрын елімізде өткен Азия ойындарындағыдай сезіндім. Өйткені, өз еліңде, өз жанкүйерлерінің алдында күшқуатың еселеп артатыны бар. Бақыттан басым айналып тұр, баршаңызға рахмет айтамын, – деді сабырлы қалпын сақтап. Алтынға қиналмай-ақ қол жеткізгендей болған Юлияның бүгінгі жеңісі өзге спортшы­ ларымызға жұғысты болса екен деп іштей тілей бердік!

Төртінші күнгі 5-ші алтын медаль!

XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада тарихында 28 жастағы өскемендік фристайлмогулшы Дмитрий Рейхерд Қазақстанның медаль қорына 5-ші алтынды салды! Қазақстандық спортшы финалдық жарыста 79,94 балл жинап Универсиада жеңімпазы атанды. Екінші қазақстандық спортшы Павел Колмаков 76.95 балмен қола медаль иеленді. Күміс медаль ресейлік Сергей Шимбуевқа (79.11 балл) бұйыр­ды. Алматыда өткен қысқы Азия ойындарында (2011 ж.) алтын, өткен Универсиадада (Гранада, 2015 ж.) күміс медаль таққан могулшыға туған жерінің қасиет-құдіреті көмектескен сияқты. – Бұл менің ең соңғы универ­ сиадалық жарысым, – деді Дмитрий Рейхерд. – Жеңіске деген құлшынысым зор болды. Бұдан екі жыл бұрын алтынды қолдан беріп едім, бүгін, міне, көптен күткен арманым орын- далды. Бұл медальдың мен үшін бағасы сол себепті де өте қымбат. Сөйтіп, Қазақстан өзінің барлық командалар арасындағы екінші орнын нықтай түсті... Бір құлағымыз шаңғышы­лардың «Солдат сайдағы» жары­сының шуында екенін де ескертіп қояйық. Универсиада баспасөз орталығындағы теледидар дис­ плейінде шаңғышылардың классикалық стильдегі сприн­ терлік жарысының финалына біздің үш жігітіміз – Александр Малышев, Олжас Климин шықса, ақтық мәреге баратын жарысқа «әупірімдеп» жүріп Иван Люфт ілінді, әйтеуір...

«Солдат сайдың» 6-шы алтынын айтсаңызшы!

Бүгін шын мәнінде аспаннан алтын жауған күн болды, ағайын! Шаңғышы-спринтер Иван Люфт Қазақстан қоржынына 6-шы алтын медальды салды. Универсиада тарихында қазақ спортшылары бұрын-соңды мұндай көрсеткішке көрсеткішке қол жеткізіп көрмеген. Өкініштісі сол, Олжасқа санаулы сантимет- рлер серік бола алмады, әттең! Ол – төртінші орында қалып қойды. Қыздар арасында Анна Стоян қола медальға қол жет­кізді. Аннамыз қуаныштан көз жасын тыя алмады. «Мама, мен жеңдім, қола алдым!», дей береді... Шын қуаныштың, шынайы жеңістің көз жасы осындай болады екен! Бүгін Қазақстан барлығы 15 медальмен Универсиада күн тәртібінде командалық 2-ші орынға мықтап тұрақтағанына ешкімнің дауы болмаса керек. Бұл күні шын мәнінде Алма­тының аспанынан алтын жауды! Алға, Қазақстан! Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ