• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2017

Еуропа чемпионатына қатысқан ойыншылары үшін Қазақстан клубтары сыйақы алады

182 рет
көрсетілді

УЕФА басшылығы Еуро-2016 додасына және оның іріктеу кезеңіне қатысқан барлық 54 елдің клубтарына 150 миллион еуро қаражат бөлді. Бұл туралы sports.kz хабарлады. Осыған байланысты 641 клуб УЕФА-дан төлемақы алады. Дүбірлі дода аясында барлығы 329 матч өтті, оның – 278-і іріктеу, ал қалған 51 ойын – финалдық кезең. 2015 жылы УЕФА мен Еуропа клубтарының қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум шарттары бойынша, командаларға 150 миллион еуро төленеді. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл 2012 жылғыдан 50 миллионға артық. УЕФА Атқару комитеті бекіткен табысты бөлу принципіне сәйкес, 100 миллион еуроны ойыншылары ЕУРО-2016 финалдық кезеңінде ойнаған клубтар алады. Қалған 50 миллион еуро ойыншылары іріктеу матчтарында ойнаған клубтарға беріледі. Мұнда ойыншылардың финалдық кезеңге шыққаны немесе шықпағаны маңызды емес. Қазақстанның 12 клубы жалпы сомасы 1 199 386 мың еуро қаражат алады: 1. «Қайрат» - 316 225 2. «Ақтөбе» - 239 664 3. «Астана» - 217 489 4. «Ордабасы» - 150 355 5. «Шахтер» - 87 707 6. «Тараз» - 50 118 7. «Атырау» - 45 941 8. «Ертіс» - 33 412 9. «Тобыл» - 29 235 10. «Қайсар» - 16 706 11. «Жетісу» - 8 353 12. «Оқжетпес» - 4 176.